​«Nomad» ХК мен «Qulager» ХК ойыншыларын ойыннан аластату

21 qańtar
1329

Республикалық жарыстар өткізу бөлімі 2020-2021 маусымдағы «PRO HOKEI LIGASY» хоккейден Қазақстан чемпионатының 19.01.2021 ж. «NOMAD» ХК мен «QULAGER» ХК арасында өткен №218 матчтың 25-ші минутындағы эпизодты қарап, төмендегідей шешім қабылдады:

- «NOMAD» ХК №30 ойыншысы В. Крамарьдің іс-қимылдары 2020-2021 ж. маусымдағы PRO HOKEI LIGASY – ерлер командалары арасындағы хоккейден Қазақстан чемпионаты регламентінің келесі тармағымен қаралады:

- 1.6 Таяқты немесе кез келген затты хоккей алаңынан тыс лақтырса – міндетті түрде 1 матчтан аластатылады және қосымша 2 матчтан аластатылады.
- «NOMAD» ХК №36 ойыншысы А. Бакушиннің іс-қимылдары 2020-2021 ж. маусымдағы PRO HOKEI LIGASY – ерлер командалары арасындағы хоккейден Қазақстан чемпионаты регламентінің келесі тармақтарымен қаралады:
- 1.11 Қақтығыс кезінде қосалқы немесе айып алған ойыншылар орнынан бірінші болып кетсе – міндетті түрде 1 матчтан аластатылады және қосымша 3 матчтан аластатылады.
- «NOMAD» ХК №7 ойыншысы Р. Маржықбаевтың іс-қимылдары 2020-2021 ж. маусымдағы PRO HOKEI LIGASY – ерлер командалары арасындағы хоккейден Қазақстан чемпионаты регламентінің келесі тармақтарымен қаралады:
- 1.12 Қақтығыс кезінде қосалқы немесе айып алған ойыншылар орнынан кетсе және шағын, үлкен немесе тәртіптік айып арқаласа – міндетті түрде 1 матчтан аластатылады және қосымша 3 матчтан аластатылады.
- «Qulager» ХК №13 ойыншысы Е. Попитичтің 2020-2021 ж. маусымдағы PRO HOKEI LIGASY – ерлер командалары арасындағы хоккейден Қазақстан чемпионаты регламентінің келесі тармағымен қаралады:
- 1.1 – Матч соңына дейін тәртіптік айып салынса – міндетті түрде 1 матчтан аластатылады және қосымша 1 матчтан аластатылады.